Farabi University

Филология факультеті

Шетел тілдері кафедрасы

Филология факультеті, Шетел тілдер кафедрасының миссиясы – күнделікті қолданыста және өз мамандықтары бойынша, шетел тілдерін меңгеріп, белсенді қолдана алатын, кәсіби қарым-қатынаста бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Толығырақ
Досмағамбетова Джәмила Жамбылқызы

Кафедра меңгерушісі

Досмағамбетова Джәмила Жамбылқызы

 kafedra_fl21@mail.ru

 +7(727) 377-33-39 ( 1977)

 

 

Кафедра байланыстары

 Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, №1 оқу ғимараты, каб. 315.

 +7(727) 377-33-39 (ішкі номер 1977).

Әлеуметтік желілер:  

Instagram:  https://instagram.com/kaznuinyaz?utm_medium=copy_link  

Facebook:https://www.facebook.com/department-of-foreign-languages-of-kazakh-national-university-107943148322163

 

Кафедра тарихы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел тілдері кафедрасы 1968 жылы  құрылған, 56 жылдық тарихы бар, ежелден келе жатқан кафедралардың бірі.             Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 12 факультетінде жоғары кәсіптік (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (магистратура) барлық мамандықтары бойынша 1 жыл оқитын білім алушыларға практикалық шетел тілдерін (ағылшын, неміс, француз) оқытады.

Шетел тілдері кафедрасы жыл сайын халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді, оған жақын және алыс шетелдерден 250-ден астам ғалымдар, зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар қатысады. Қазіргі уақытта кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының SCOPUS дерекқорында жариялаған ғылыми мақалаларының жалпы саны 20-ны құрайды. ҚР  ғылым мен жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған тізімге кіретін журналдарда соңғы 5 жылда жарияланған мақалалар саны 41-ді құрайды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған "Заманауи қазақстандық білім беру парадигмасында шетел тілдерін оқыту" ұжымдық монографиясын шығарды.

Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Адам Мицкевич университетінің (Польша) профессоры Кристофер Кортен филология факультетінің оқытушылары мен жас ғалымдарына арналған дәрістер сериясын оқуға шақырылды.

QS WUR бойынша топ-300-ге және The WUR бойынша топ-500-ге кіретін жоғары оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өту шеңберінде кафедраның аға оқытушысы Л.М. Алиярова Калифорния университетінде, АҚШ-тың Сан-Диего қаласында тағылымдамадан өтті.

Бүгінгі таңда кафедра Адам Мицкевич университетімен (Польша), Калифорния университетімен (Сан-Диего, АҚШ) және Чанаккале Онсекиз Март университетімен (Түркия) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Кафедра оқытушылары ЖОО-ның ресми онлайн білім беру платформасында 2 МОК және 11 SPOC әзірледі (open.kaznu.kz) университет магистранттары мен бакалаврларына арналған. 

Шетел тілдері кафедрасының базасында Educational Testing Service (ETS) Global халықаралық компаниясы аккредиттеген TOEFL ITP ағылшын тілі бойынша халықаралық емтиханды дайындау және қабылдау бойынша KazNU TOEFL орталығы жұмыс істейді. Жыл сайын орталық арқылы осы емтиханды тапсыруға 100-ден астам адам өтеді.

 

 

Гранттық және шетелдік жобалар

Договор.pdf

Құжаттама

Ереже

22 мб, pdf

Ынтымақтастық туралы Меморандум

22 мб, pdf

Шетел тілдері кафедрасының 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

22 мб, pdf

Кафедраның 2024-2025 оқу жылының I-ші жартыжылдығының жұмыс есебі

22 мб, pdf

2024-2025 оқу жылының I-ші жартыжылдығының жол картасы

22 мб, pdf