Филология факультеті

шет тілдері кафедрасы

Филология факультеті, шет тілдер кафедрасының миссиясы – күнделікті қолданыста және өз мамандықтары бойынша, шет тілін меңгеріп, белсенді қолдана алатын, кәсіби қарым-қатынаста бәсекеге қабілетті маман дайындау. Профессорлар құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, 12 факультетінде барлық білім беру бағдарламалары бойынша жоғары кәсіптік (бакалавр) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура) барлық мамандықтары бойынша 1-2 курс студенттеріне практикалық шет тілдерін (ағылшын, неміс) оқытады.

Толығырақ
Досмағамбетова Джәмила Жамбылқызы

Кафедра меңгерушісі

Досмағамбетова Джәмила Жамбылқызы

 kafedra_fl21@mail.ru

 +7(727) 377-33-39 ( 1977)

 

 

Кафедра байланыстары

 Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, №1 оқу ғимараты, каб. 315.

 +7(727) 377-33-39 (ішкі номер 1977).

Әлеуметтік желілер:  

Instagram:  https://instagram.com/kaznuinyaz?utm_medium=copy_link  

Facebook:https://www.facebook.com/department-of-foreign-languages-of-kazakh-national-university-107943148322163

 

Кафедра тарихы

Шет тілдер кафедрасы университетімізде тарихы 1968 жылдан бастау алған, 55 жылдық тарихы бар, ертеден келе жатқан кафедралардың бірі. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Е.М.Шварцман болды. 1994-2020 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.к., доцент А.А. Мулдагалиева басқарды. Қазіргі уақытта шет тілдер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент м.а Д.Ж. Досмағамбетова.

     Сабақтарды қашықтықтан оқытуға ауыстыруға байланысты кафедра оқытушылары оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге күш салды. Қазіргі уақытта кафедраның аға оқытушылары магистранттарға арналған open.kaznu.kz платформасында кәсіби шет тілінде SPOC/MOOC әзірлеп, іске қосты.

2019 жылдан бастап ETS GLOBLE KazNU TOEFL халықаралық, аккредиттелген компания орталығы TOEFL iTP және IBT форматында халықаралық тестілеуден өткізеді.

Бүгінгі таңда шет тілдер кафедрасы Түркияның Чанаккале Онсекиз Март және Польшаның Адам Мицкеевич университетімен белсенді ынтымақтастықта.

Кафедра 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Білім және Ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруымен  «Тіл және медиа білім беруді интеграциялау әдістемесі» ғылыми жобасын жеңіп алды.

2023-2024 оқу жылында, кафедраның аға оқытушысы Л.М.Алиярова «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Калифорния университетінде, Сан-Диего, АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатыр.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ереже

22 мб, pdf

ТДМ есебі 2022-2023

22 мб, pdf

ТДМ 2023 жоспары

22 мб, pdf

Жол картасы

22 мб, pdf

Шетел тілдерінің 1-ші жартыжылдықтағы ТДМ бойынша есеп

22 мб, pdf