Медицина және денсаулық сақтау факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті сіздерге білім беру бағдарламалары мен эксклюзивті траекторияларды, соның ішінде дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандарын сапалы даярлауға бағытталған үздік халықаралық және ғылыми білім беруді, клиникалық тәжірибелер мен тәжірибе алмасуларды ұсынады.

Декан
Калмаханов Сундетгали Беркинулы
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71
Факультет
Факультеттің құрылымында екі мектеп бар – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және Медицина жоғарғы мектебі, «Инновациялық денсаулық сақтау» ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Бүгінгі таңда факультетте, Түркия, Ауғанстан, Йемен, Иордания, Иран, Ирак, Кения, Пәкістан, Палестина, Сирия, Үндістан, АҚШ, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Түрікменстан студенттері білім алуда.
- Қазақстанның жетекші университеті ретінде, факультеттің жеке клиникалық базалары бар: клиникалық-диагностикалық орталық, Алматы қаласы №1 қалалық ауруханасы.
Факультет түлектері ірі жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарда, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау және санитарлық -эпидемиологиялық бақылау басқармаларында табысты жұмыс істейді, олар қазіргі уақытта түлектердің жұмыс берушілері болып табылады және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, студенттердің үздіксіз практикалық дайындықтарына белсенді қатысады және практикалық базаны қамтамасыз етеді. Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 100% құрайды.
Студенттердің жалпы саны 2000-нан асады, оның ішінде 22 елден 1000-нан астам шетелдік студенттер. MBA бағдарламасы бойынша 100-ден астам денсаулық сақтау менеджерлері оқытылды. Факультет «Денсаулық» ғылыми-зерттеу институты мен «Денсаулық және қоршаған орта» ғылыми-зерттеу зертханасы халықаралық және республикалық деңгейдегі 15-тен астам ғылыми жобаларды жүзеге асырады. Erasmus + бойынша 4 жоба орындалуда.
Кафедралар
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Интернатураның білім беру бағдарламалары
Резидентураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидалары https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021847
2.«Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (жүктеу)
3.Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13:00-14:00); 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Байланыс телефондары: +7 (727)377-34-53
E-mail: Aizhan.Amerzhanova@kaznu.edu.k
4.Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жүктеу);
2) порталға: электрондық түрдегі сұрату.
Қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері үшін: https://farabi.university/university/structural-divisions/34