Филология факультеті
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтар негізін қалаған филология факультетінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов отыз жылға таяу еңбек етті. Факультетте әр жылдары тіл мен әдебиеттану ғылымының республикаға белгілі аса көрнекті ғалымдары ұстаздық қызмет атқарды. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, академик Рымғали Нұрғали, филология ғылымының докторы, профессорлар Кәкен Аханов, Хайролла Махмұдов, Майя Бағызбаева, Талғат Сайрамбаев, Алма Қыраубаевалар – жарқын жүздері жадымызда жатталып қалған, біз мақтан тұтар ұлағатты ұстаздар. Филология факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.
Декан
Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы
Факультеттің мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71, Корпус ГУК1
Факультет
Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1937 жылы құрылған ең ежелгі факультеттерінің бірі. Бүгінде асқақ Алатаудың гүл жайнаған бөктеріндегі ҚазҰУ қалашығында орналасқан факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта факультет құрамында алты кафедра болса, соның бесеуі: А. Байтурсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті, Түркітану және тіл теориясы, Шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары мамандар даярлау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шет тілі кафедрасы университет факультеттеріндегі әлем тілдерін сапалы оқытуда. Сонымен қатар факультет іргелі шығармашылық одақтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарт негізінде тығыз байланыс жасауда. Білімгерлердің мамандану тәжірибелері осынау ғылыми-шығармашылық ортада өтеді.
Кафедралар мен институт, лабораторияларда нәтижелі ғылыми зерттеулерімен елімізге танымал ғалым-ұстаздар еңбек етуде. Олардың қатарында филология ғылымының докторы, профессорлар Берікбай Сағындықұлы, Элеонора Сүлейменова, Светлана Әшімханова, Жанғара Дәдебаев, Жұмат Тілепов, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Аслан Жақсылықов, Баян Жолдасбекова, Темірғали Есембеков, Гүлдархан Смағұлова, Гүлмира Мәдиева, Алма Абдулина, Ольга Әбішева, Әнуар Тарақов, Анар Салқынбай, Дина Әлкебаева, Ольга Алтынбекова, Алуа Темірболат, Жанар Ибраева есімдерін атауға болады.
Факультетте заман талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Академиялық ұтқырлыққа да ерекше назар аударылып отыр. 2016-17 оқу жылында шетелден келген білікті профессорлар және оқытушылар: Н.Снодргас (АҚШ), Сэт Агбо (Канада), Маргарет Дорлайн (Голландия), М.Хэнкок (АҚШ), Анатолий Ким (Ресей), Рафаэль Велез-Нунез (Испания), М.Нусье (Франция), Наджип Йылдыз (Түркия), Эдгар Хоффман (Австрия) ағылшын, француз, неміс, түрік, испан тілдерінде бір жыл көлемінде студенттер мен магистранттарға сабақ берді.
Жыл сайын америкалық студенттер флагмандық бағдарлама бойынша білім алады. Болашақта бұл үрдісті дәстүрге айналдыру – басты мақсаттың бірі. Ресей халықтар достығы, Испанияның Гранада университеттерімен бірлескен қосдипломдық магистрлік және докторлық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Екі шет тілі мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бір семестр көлемінде Зальцбург университеті (Зальцбург, Австрия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Пекин шет тілдер университеті (Қытай), Адам ресурстарын дамыту университеті (Венгрия), Ноттингем университеті (Ұлыбритания), Гази университеті (Түркия), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), РХДУ Шетел тілдері университетінде (Ресей) ақысыз білім ала алады.
Факультет студенттері, магистранттары мен докторанттары жыл сайын міндетті түрде мемлекет қаржысымен Ыстамбұл (Түркия), Гумбольдт атындағы (Германия), Гранада (Испания), Будапешт (Венгрия), Еуразиялық академия (Словакия), Пусан шет тілдері (Оңтүстік Корея), Утрихт, Амстердам (Нидерланды), Ұлы Витаутас атындағы (Литва) университеттеріне тәжірибелік іссапарларға жіберіліп отырады.
ТДМ жарияланымдар
"ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ" ОРТАЛЫҒЫ
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Жалпы орта және орта кәсіптік білім беру саласына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің педагогтарын дайындау.
Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарына арналған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындары үшін шет тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Халықаралық компанияларда, мемлекеттік ұйымдар мен өкілдіктерде, аударма биржалары мен бюроларында, туризм агенттіктері мен бұқаралық ақпарат қызметінде әртүрлі мемлекет және мәдениет өкілдері арасында ақпарат алмасу кезінде шетел, қазақ және орыс тілдерін пайдаланып, жоғары сапалы ауызша және жазбаша аударма жасай алатын лингвистика, аударматану және мәдениаралық қарым-қатынас саласындағы көптілді мамандарды жоғары деңгейде дайындау.
Батыс шетел тілі мен әдебиетін еркін меңгерген, тіл мен әдебиет теориясы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды білетін, филологиялық зерттеулерде және мәдениетаралық коммуникация, қоғаммен байланыс, баспа ісі және әкімшілік басқару салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті филологтарды кәсіптік даярлау
инновациялық өнiм/қызмет көрсету процестерiнде сапалы нәтижеге қол жеткiзу үшiн ғылыми қоғамдастық iшiнде тиiмдi ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыруға қабiлеттi орыс филологиясы саласындағы маманды даярлау, сондай-ақ мемлекеттiк билiк органдарымен және кәсiби қоғамдастықтармен, мәдениет, басқару, кiтап шығару, бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникацияны қамтамасыз ету.
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, пиар-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған
Әдебиеттану, фольклористика және риторика салалары бойынша жоғары білікті мамандар дайындау.
Шет тілі ретінде орыс тілі саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға және көп мәдениетті ортада мәдениетаралық коммуникация, ұлтаралық тілдік қарым-қатынас, сөйлеу этикеті саласында жобалар әзірлеуге мүмкіндік беретін және жоғары академиялық стандарттарға сәйкес білім беру қызметтерін экспорттауға қабілетті қазіргі заманғы, пәндік, мәдениетаралық-коммуникативтік, цифрлық, зерттеу құзыреттіліктеріне ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Қазақ тілі мен әдебиеті саласында бейінді, педагогикалық және ғылыми бағыттағы орта және жоғары мектептің жоғары білікті педагогтарын қалыптастыру және даярлау.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін педагогтарды, зерттеуші ғалымдарды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметтің нәтижелерін білікті талдау және қорыту міндеттерін тиімді шеше алатын білім беру саласындағы менеджерлерді даярлау
Жоғары оқу орнында, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу институттарына екі шет тілін жетік меңгерген оқытушыларды даярлау.
жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу, баспа және әкімшілік басқару үшін заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге және ғылыми тұжырымдамаларды өз әзірлемелерімен салыстыруға қабілетті көптілді мамандарды даярлау.
Қазақ филологиясының ғылыми-теориялық негіздерін, оны зерттеудің инновациялық әдістерін меңгерген ғылыми қызметкер, білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды қолдана білетін академиялық біліктілігі жоғары оқытушы, масс-медиа редакторын, ғылым және білім беру, басқару-әкімшілік саласындағы менеджер дайындау.
Білім беру бағдарламасы зерттеу, оқытушылық және баспа қызметімен айналысуға қабілетті маманның жеке басын қалыптастыруға бағытталған. Теориялық және практикалық дайындық түлектерге ғылыми және білім беру саласында, сондай-ақ баспа, журналистика, мәдениет және өнер саласында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Аударма теориясы мен практикасы саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына, әдеби баспалар мен агенттіктерде көркем шығармашылықты зерттеу және сараптау үшін инновациялық технологияларды меңгерген әдебиеттану, фольклортану және шешендік өнер саласының білікті мамандарын даярлау.
Әртүрлі кәсіби қызметте лингвистикалық білімді қолдана алатын, ғылыми-педагогикалық қабілеті қалыптасқан білікті лингвист маманды дайындау
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Бірнеше шет тілдерін меңгерген шеттілді білім беруде ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті ЖОО оқытушыларын даярлау.
Жоғары оқу орындарында лингвистика, әдебиеттану және шет тілдерін оқыту әдістемесі саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми-зерттеу, педагогикалық, сараптамалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарлама ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастыру-басқару, мәдени-ағартушылық, сараптама-аналитикалық қызмет саласында зерттеу нысанын жүйелі түрде меңгерген, филология саласында заманауи әдістерді игеріп, оны нақты мақсаттарда қолдана алатын, өзекті, сұранысқа ие филология және осы саламен шектесетін ғылым салаларындағы мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер мен эксперименттік тәжірибелер жүргізе алатын маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, ғылыми салаға жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды, жаңашыл педагогтарды, педагог-зерттеушілерді даярлау.
Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамды және білім беру жүйесінде басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған
Орыс филологиясы саласында жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды, сондай-ақ білім беру жүйесінде басқарушы кадрларды: ғылыми қызметкерді, жоғары оқу орнының оқытушысын, инновациялық даму жөніндегі басшыны, газет, журналдың бас редакторын даярлау
заманауи еңбек нарығында табысты бәсекеге түсетін аударматану саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, сарапшыларды, әдіскерлерді, менеджерлерді сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
Бағдарлама көркем шығармашылықты зерттеудің инновациялық технологияларын меңгеруге, өткен және қазіргі әдеби мұраны зерттеудің жаңа ғылыми теорияларын, тұжырымдамалары мен әдіснамаларын дайындауға қабілетті әдебиеттанушы-ғалымның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялардың заманауи тенденцияларын, сондай-ақ инклюзивті білім беру принциптерін ескере отырып, академиялық саладағы кәсіби қызмет үшін тіл білімінің теориялық негіздері мен әдістемесін терең түсінетін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламалары
Қабылдау комиссиясының телефоны: 87712196739
Қабылдау комиссиясының аккаунтардан:
Facebook: Kaznu Talapker https://www.facebook.com/profile.php?id=100069037188687
Instagram: @kaznu_talapker https://www.instagram.com/kaznu_talapker?r=nametag
Telegram: Kaznu_Talapker https://t.me/kaznu_talapker
Tiktok: Kaznu talapker https://vm.tiktok.com/ZSJxV9FTg/
Филология факультеті – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең көне әрі ең ірі факультеттерінің бірі. Жыл сайын 200-ден астам студент оқуға түседі және олар филология саласы бойынша іргелі білім алады.
Оқыту бакалавриат, магистратура, PhD докторантура сияқты көп деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады. Бакалавр, магистр, PhD докторы академиялық дәрежесін алған түлектерге мамандығы бойынша біліктілік беріледі.
Факультетте 6 кафедра бар:
1. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы;
2. А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы;
3. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы;
4. Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы;
5. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы;
6. Шет тілі кафедрасы.
Филология факультеті – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.У.Жолдасбекованың басшылығымен жоғары білікті, шығармашылық мақсатқа бағытталған, жұмысқа қабілетті пікірлестердің ұйымшыл ұжымы.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
БАКАЛАВРИАТ
Мұғалім-педагог;
Білім беру, мәдениет, басқарма, БАҚ мекемелерінде көптілді маман (аударма, редакторлық, сараптамалық, аналитикалық қызмет);
Тіл және әлеуметтік-мәдени коммуникация және қоғаммен байланыс, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларындағы маман;
Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы, ғылыми және білім беру орталықтарындағы орта буын маман.
МАГИСТРАТУРА
ЖОО оқытушысы;
Гуманитарлық бағыттағы орта кәсіптік және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу орындарының оқытушысы;
Ғылыми қызметкер, ҚР ҰҒА жүйесі ҒЗИ және ЖОО жетекші маманы;
Ғылыми референт-филолог;
Мемлекеттік мәдениет және әдебиет ұйымдарында әдеби қызметкер;
Ғылыми редактор, аудармашы-редактор;
Түрлі салалардағы аудармашы-лингвист.
ДОКТОРАНТУРА
Зерттеуші-филолог;
Зерттеуші-аударматанушы;
ЖОО оқытушысы;
Сарапшы-аудармашы;
Компания басшысы.