Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар факультеті 1995 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде, университеттің ғылыми кеңесінің 28 сәуірдегі №88 бұйрығымен құрылған. Факультет өзінің өмір сүру кезеңінде ұзақ және бай қалыптасу мен даму жолынан өтті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасына халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономика салаларында білікті мамандарды дайындау қажеттілігі туды. Республикамыздың әлемдік қауымдастыққа енуі халықаралық мамандарды дайындау қажеттілігін өзекті мәселеге айналдырды. Халықаралық қатынастар мамандығын ашу туралы ой туғанда, бұл ойды үкімет те, қоғам да жан-жақты қолдады.

Факультет
Қазiргi таңда факультет ірi ғылыми-бiлiм беру орталығы болып табылады, ол барлық үш оқыту сатысы бойынша жоғары бiлiктi халықаралық мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосады: бакалавриат - магистратура - PhD докторантура. Факультеттiң барлық мамандықтары жетекші әлемдiк аккредиттеу агенттiктерiмен аккредиттелген. QS Subject әлемдік рейтингiнде факультет мамандықтары жоғары орындарға ие: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі».
Заманауи білім беру технологияларын сәттi қолдана отырып, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласындағы жетекші кадрлар ұстаханасы болып саналады. Факультет түлектерi Республиканың мемлекеттiк органдарында, бизнес саласында, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етуде.
Факультеттiң ғылыми-педагогикалық қызметi республикада жане одан тыс жерлерде лайықты мойындалады және құрметке ие. Осы жылдар iшiнде факультет алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тұрақты серiктестiк қатынастар орнатты. Халықаралық ынтымақтастык студенттер мен оқытушылардың белсенді халықаралық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.
Түлектердің негізгі қызмет салалары:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Дипломатиялық өкілдіктержәне консулдық мекемелер;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік пен басқару органдарының, министрліктер мен ведомстовлардың сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттері;
- Құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, сот, адвокатура, нотариат
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар
- Халықаралық құқық бакалаврының кәсіби мақсатта пайдалануын қамтамасыз ететін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар басқа ұйымдар;
- түрлі салалар, меншік түрлері ұйымдарының экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері;
- мемлекеттік мекемелерде, аударма бюроларында және агенттіктерде жазбаша аудармашы.
Факультет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді басшылыққа алады:
10 - Теңсіздікті қысқарту. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Отандық және халықаралық еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сай әрі елдің және өңірдің даму перспективаларына сәйкес халықаралық қатынастар мен дипломатия, ақпараттық-талдау қызметі саласында студенттердің жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда, төреліктерде, басқа да құқықтық институттарда, қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда халықаралық құқықты, ҚР және шет елдердің заңнамаларын, шет тілін білетін заңгердің кәсіби функцияларын орындауға қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Отандық және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес студенттердің жалпымәдени, жалпыкәсіби және кәсіби біліктілікті қалыптастыру, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі білімі бар, аймақтық үдерістердің күрделі мәселелерін сараптауда және олардың нәтижелерін тәжірибелік қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие білікті бакалаврларды сапалы даярлау.
Студенттерде нақты және қаржы секторындағы бизнес-компаниялардың сыртқы экономикалық қызметі, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу саласындағы ұйымдастыру-басқару және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу қабілетін қалыптастыру. Бағдарлама шет тілдерін меңгерген және қазақстандық және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті халықаралық экономистерді даярлау.
Бағдарламаның мақсаты - заманауи аударма ісінің жаңа бағыттары туралы түсініктері және халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы жұмыс берушінің талаптары мен қоғам қажеттіліктеріне сай келетін кәсіби құзыреті бар жоғары білікті аудармашыларды дайындау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Дара зерттеу жұмыстарын жүргізуге икемді және шетел тілдерін меңгерген, сараптаулардың барлық дәрежелеріндегі халықаралық акторлардың өзара әрекеттесулерін бағалауға қабілеттенген, сонымен қатар еңбек нарығындағы бәсекелестікке сай білікті мамандар даярлау
Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Халықаралық құқық, құқықтану, сыртқы саясат және жоғары білім саласында жұмыс істеу үшін талап етілетін, шет тілдерін кәсіби меңгерген ғылыми-педагогикалық бейіндегі кадрларды даярлау. Бағдарлама халықаралық құқық және сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелердің, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Шет тілдерін, заманауи әдістеме мен АТ-ны қолдана отырып, күрделі мәселелерді шешуде ресми және бейресми басшылыққа дайын, әлемдік экономика саласында білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, сараптамалық-консультативтік, әкімшілік және басқару қызметін жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның мақсаты - халықаралық және құқықтық қатынастар, ғылыми-техникалық және мәдени өмір салаларында екі және одан да көптілді пайдалану кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеуді аударуды сапалы жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті аудармашы мамандарды даярлау.
Магистрлер даярлаудың осы бағытына бойынша стандарттарға, отандық және халықаралық еңбек нарығына мен жұмыс берушілердің талаптарына сай, магистранттардың кәсіби дағдыдарын қалыптастыра, әртүрлі дәрежеде сарапталған мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті; зерттеу дағдылары мен дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, шет тілдерін жетік меңгерген сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау
Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдана отырып, ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи әдіснамасын пайдаланатын, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласында қолданбалы жобаларды әзірлейтін, оқытудың заманауи педагогикалық стратегияларын қолданатын шет тілін меңгерген білікті кадрларды даярлау
Бағдарламаның мақсаты - ТМД Желілік университетінің жобасы бойынша жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы шеңберінде халықаралық құқық саласындағы ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Бұл бағдарламаның түлектері халықаралық құқық, юриспруденция және сыртқы саясат саласындағы жұмысқа сұранысқа ие болады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу іс-шараларын өткізуге дайын болады. Бағдарлама мемлекеттің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, халықаралық құқық пен сыртқы саясаттың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, құқық қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша оқыған түлектер халықаралық құқық пен ТМД елдерінің заңнамаларына сәйкестігі мәселелері бойынша сараптамалық консультациялық, талдамалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады, мемлекеттік органдардың қызметінде халықаралық құқық қағидаттарын бұзуға жол бермейді; халықаралық құқық саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, ғылыми жарияланымдар мен магистрлік диссертацияларға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасауға қабілетті болады.
Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарды терең білетін, қазіргі заманғы әлемдік экономиканың проблемаларын зерделеудегі ғылыми әдістерді қолдануға қабілетті, шет тілдерін білетін, ғылыми білімдердің құралдарына ие білікті ғалым, халықаралық экономист дайындау; халықаралық сауданың, нарықты, халықаралық валюталық және қаржылық қатынастарды терең меңгерген, халықаралық бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін талдау және басқара алатын маман. Әлемдік экономика саласындағы, халықаралық сауда және қаржы саласындағы, халықаралық экономикалық интеграция саласындағы халықаралық, іскерлік және халықаралық компаниялар, банктер мен жетекші халықаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының халықаралық экономистерінің функцияларын орындауға қабілетті жоғары білікті маман даярлау. 7М
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және бағалауға, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды қалыптастыруға қабілеті бар халықаралық қатынастар саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық, басқарушы, сараптамалы-талдамалық кадрларды даярлау; халықаралық қатынастар саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулерді жобалауды және жүзеге асыруды білетін кадрларды даярлау және докторанттарда отандық және халықаралық еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, докторанттарды даярлаудың осы бағыты бойынша олардың сұраныстары мен ел мен өңірдің даму болашағын ескеретін стандарттарына сәйкес кәсіби құзыреттерді қалыптастыру
Ғылыми-педагогикалық, өндірістік, басқарушылық және инновациялық қызмет саласында терең кәсіби білімі бар, әлемдік экономика саласындағы инновациялық ғылыми және өндірістік қызметке қабілетті жоғары білікті халықаралық экономистерді даярлау. Пәнаралық білімді, шет тілін, ғылыми танымның философиялық әдістерін, заманауи технологияларды қолдана алатын, әртүрлі мәдениетаралық ортадағы пікірталастарда өзіндік ғылыми идеяларды дәлелді түрде қорғай алатын жаңа формациядағы мамандарды даярлау.
Отандық және халықаралық еңбек талаптарына сәйкес тиімді ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби білімі, қабілеттері, дағдылары мен құзыреттері бар жаңашылдыққа қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды нарық және жұмыс берушілерге сапалы дайындау
Қазіргі заманғы халықаралық құқық саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті, ғылыми таным әдіснамасын меңгерген, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының, жоғары оқу орындары мен түрлі кәсіпорындардың қызметінде Халықаралық құқық проблемаларын зерттеуде ғылыми әдістерді қолдануға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Осы бағдарламаның түлектері халықаралық құқық нормаларын сақтау мәселелері бойынша сараптамалық-консультациялық, талдамалық, басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады; сабақтас ғылыми салалардың білімдерін жүйелі түрде пайдалана алады, халықаралық құқық ғылымының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіре алады, халықаралық-құқықтық ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білім жасай алады; өзінің ғылыми қызметінің маңыздылығын айқындай алады, зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде таныстыра алады, халықаралық құқық мәселелері бойынша, оның ішінде шет тілінде пікірталастар жүргізе алады
Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі проблемалары саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу дағдылары бар, экономикалық ғылым әдіснамасын және IT-технологиялар негізінде экономикалық ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін меңгерген, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық стратегияларын меңгерген, білімге негізделген қоғам қалыптастыру мүддесінде экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесуге қабілетті білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Білім беру бағдарламалары
Апсаттарова Гулзада Абдусагатовна: +7 (707) 429-19-85
Мухаметжан Ақбота Ерлікқызы +7 (778) 664-92-29