- Басты бет
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстан өңірінде халықтың өмір сүру сапасына субъективті баға беруге арналған социологиялық зерттеу жүргізілді.
Батыс Қазақстан өңірінде халықтың өмір сүру сапасына субъективті баға беруге арналған социологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу 2024 жылдың шілде–тамыз айлары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті базасындағы Геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер зертханасының қызметкерлері тарапынан ИРН BR21882122 «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалар мен сценарийлер» жобасы аясында жүргізілді.
Опросқа өңірдің төрт облысында тұрақты тұратын 400 респондент (әр облыстан 100 адамнан) қатысты. Іріктеменің статистикалық қателігі ±5%-дан аспайды, бұл алынған деректердің жоғары репрезентативтілігін қамтамасыз етеді. Зерттеуге 18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысты, олардың орташа жасы – 41,35 жыл, медиандық көрсеткіш – 40,5 жыл. Жыныстық құрылым бойынша іріктеме келесідей бөлінді: 43,5% – ерлер, 56,5% – әйелдер. Респонденттердің ұлттық құрамы да өңірдің этнодемографиялық ерекшелігін көрсетеді: сауалнамаға қатысқандардың 86% – қазақтар, 8% – орыстар, 6% – басқа ұлт өкілдері.
Алынған нәтижелер Батыс Қазақстан тұрғындарының өмір сапасы базалық инфрақұрылым жағдайы мен экологиялық ахуалмен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Өңір бойынша респонденттер ең жиі атап өткен үш негізгі мәселе: жолдардың нашарлығы, ауыз судың жетіспеушілігі және су құбыры жүйесіндегі үзілістер, сондай-ақ экологиялық жағдайдың төмендігі. Тұрғындардың пікірінше, бұл факторлар олардың күнделікті жайлылығына, денсаулығына және жалпы әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, облыстар бөлінісінде өзіндік акценттер анықталды. Ақтөбе облысында жолдардың нашарлығы мен экологиялық жүктемемен қатар, тұрғындар ауыз судың тапшылығын және жұмыссыздық мәселесін атап өтеді. Атырау облысында дәстүрлі шағымдар – жолдар, су тапшылығы және экология – жоғары азық-түлік бағаларымен толықтырылады. Батыс Қазақстан облысында респонденттер ауыз судың сапасы мен жетіспеушілігін ғана емес, жаз айларындағы жәндіктердің көптігін, сондай-ақ аумақтардың қоқыспен ластануын да ерекше атап өтті. Маңғыстау облысы үшін ауыз судың жетіспеушілігі, су беру жүйесіндегі проблемалар, көгалдандырудың болмауы, экологиялық жағдайдың нашарлығы және жол сапасының төмендігі ең өзекті мәселелер ретінде көрінді.
Зерттеушілердің ерекше назар аударатыны – барлық төрт облыста бірдей қайталанатын мәселелік «үшбұрыш»: жолдар, су және экология. Көлік инфрақұрылымының нашарлығы елді мекендердің ішінде және олар арасындағы қозғалысты қиындатады, қызметтердің қолжетімділігіне және тұтастай алғанда өңірдің дамуына әсер етеді. Сапалы ауыз судың тапшылығы мен қоршаған ортаның ластануы халық денсаулығына тікелей қауіп төндіреді және аурушаңдықтың өсуіне ықпал етуі мүмкін.
.jpg)
.jpg)














.jpeg)
Басқа жаңалықтар