ТДМ 12 аясында қалдықтарды сұрыптау тәжірибесіFarabi University

ТДМ 12 аясында қалдықтарды сұрыптау тәжірибесі

18 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырған «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» пәні аясында 4-курс 6В05202-Экология мамандығының студенттері Алматы қаласындағы Green Recycle Қалдықтарды сұрыптау зауытына оқу-тәжірибелік сабаққа барып қайтты. Экскурсияны аға оқытушы Керимкулова А.Б. жүргізді.

Студенттер қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, фракцияларға бөлу, пластик, қағаз, әйнек және металл қалдықтарын ажырату процестерімен танысты. Осындай өндірістік ортада өткен тәжірибелік сабақ студенттердің қалдықтарды басқару жүйесін нақты түсінуіне, кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік берді.

Сабақ Тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты — «Жауапты тұтыну және өндіріс» талаптарымен тікелей үйлеседі.

Бұл тәжірибе студенттерге қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсінуге, қайта өңдеудің үлесін арттыруға және Қазақстанда айналмалы экономиканы дамыту қажеттілігін бағалауға көмектесті.