«Тағамдық химия және технология» ББ студенттерінің тәжірибе-бағдарлы экскурсиясыFarabi University
Референдум 15 марта

«Тағамдық химия және технология» ББ студенттерінің тәжірибе-бағдарлы экскурсиясы

10 қараша, 2025

2025 жылдың 7–8 қарашасында “Тағамдық химия және технология” білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері ассосиирленген профессор Р.А. Ізтелиеваның жетекшілігімен “Carlsberg Kazakhstan” зауытында оқу-танымдық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында студенттер сыра өндірісінің технологияларымен, нормативтік-техникалық құжаттамамен, сапаны бақылау үдерістерімен және зертханалық зерттеулермен танысты. Халықаралық Carlsberg Group құрамына кіретін Carlsberg Kazakhstan сыра зауыты – Қазақстандағы ең ірі сыра өндіруші компаниялардың бірі. Компания 1998 жылы “Ақ Нар” атауымен құрылған, кейін “Ирбис” зауытымен бірігу нәтижесінде “Дербес” компаниясы болып қалыптасты.