- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының докторанттары Стэнфорд университеті сарапшысының тренингіне қатысты
Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының докторанттары Стэнфорд университеті сарапшысының тренингіне қатысты
19 қараша күні Ботаника және фитоинтродукция институтында Стэнфорд университетінің Earth Systems бағыты бойынша докторант, National Geographic және NASA зерттеушісі Лайза Голдбергтің оқу тренингі өтті. Тренингтің тақырыбы — «Forest Analysis and Land Use Change» (Орман жамылғысын талдау және жер пайдаланудағы өзгерістер).
Іс-шараға География және табиғат пайдалану факультетінің «Экология», «Геоэкология және табиғат пайдалануды басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының докторанттары, сондай-ақ кафедра меңгерушісі Т.А. Базарбаева қатысты.

Қатысушыларға келесі бағыттар бойынша заманауи әдістер ұсынылды:
- ормандардың жойылуы мен көбеюін карталау және бағалау;
- орман жағдайын өсімдіктер индексі арқылы талдау;
- таза бастапқы өнімділікті және биомассаны модельдеу;
- топырақ-өсімдік жамылғысы мен жер пайдаланудағы өзгерістерді жіктеу және мониторинг жүргізу.
Мұндай тренингтер кәсіби білімді кеңейтуге және тұрақты даму мен экология саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар