Білім мен өндіріс арасындағы серіктестік – табысты маман болудың кепілі
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "7М07101-мұнай химиясы" білім беру бағдарламасының магистранттары химиялық технологиялар және өнеркәсіптік жабындар саласындағы жетекші кәсіпорын – AcryliCon компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында компания мамандары заманауи технологиялар мен өндірістік процестерді ұсынды, практикалық жобалар мен инженерлік есептеулердің маңыздылығын көрсетті, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу және кәсіби өсу мүмкіндіктерін талқылады.
ҚазҰУ мен жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы әріптестік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (Sustainable Development Goals, SDGs) іске асыруға, сондай-ақ заманауи технологиялық және экологиялық міндеттерді шешуге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған.Бағдарлама шеңберіндегі қызмет мынадай ТДМ-ға қол жеткізуге ықпал етеді:
* ТДМ 4-сапалы білім беру: өнеркәсіптік компаниялармен өзара іс-қимыл арқылы студенттердің практикалық дайындығын күшейту қазіргі заманғы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға және инженерлік білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
* ТДМ 8-лайықты жұмыс және экономикалық өсу: AcryliCon-мен ынтымақтастық жастардың жұмыспен қамтылуын, кәсіби бағдарлануын дамытуға және мұнай-химия саласында табысты мансап құруға мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
* ТДМ 9-Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: магистранттарды заманауи технологиялармен және инновациялық шешімдермен таныстыру тұрақты технологиялық тәсілдерді енгізуге жәрдемдесе отырып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтады.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты-оқу процесі мен нақты өндіріс арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, болашақ инженер-химиктердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Магистранттар AcryliCon компаниясының өкілдерімен кездесу оларға мұнай-химия өндірісінің практикалық аспектілерін жақсы түсінуге, алған білімдерін қолданудың нақты мүмкіндіктерін көруге және кәсіби даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым, білім және инновацияларды біріктіре отырып, тұрақты даму Стратегиясын дәйекті түрде іске асырады.
AcryliCon сияқты өнеркәсіптік әріптестермен ынтымақтастық Қазақстанның экологиялық жауапты, инновациялық және тұрақты болашағын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Канапиева Ф.М.
Басқа жаңалықтар