«Әлеуметтік желілердегі діни толеранттылық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
2025 жылғы 07 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде зерттеу практика аясында «Әлеуметтік желілердегі діни толеранттылық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатты 2-курс магистранты Кенжеев Омарқожа Охапқожаұлы «Дінтану» мамандығының 2 курс студенттермен жүргізді. Тәрбие сағат барысында өсіп келе жатқан жастарымызға Әлеуметтік желілердегі діни толеранттылық бұзылуының себептері, негізгі кезеңдері мен тарихи сабақтары талқыланды. Сонымен қатар, Діни толеранттылықтың қазақ қоғамы үшін маңызы, соғыс жылдарындағы халықтың бірлігі мен төзімділігі мәселелері кеңінен қарастырылды. Студенттер тарихи деректер мен естеліктер негізінде пікір алмасып, діни толеранттылық және әлеуметтік құндылықтарына терең үңілді
« Әлеуметтік желілердегі діни толеранттылық» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаттың соңында мен де өз ойымды қосып, тәрбие сағаттың мазмұны мен маңызын атап өттім. Жас практиканттың алғашқы тәрбие беру жолындағы қадамы мен студенттердің білімге деген ынталары дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларынан жоғары баға алды