ТАЗА СЕССИЯ – АДАЛДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛFarabi University

ТАЗА СЕССИЯ – АДАЛДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

21 қараша, 2025

2025 жылдың 21 қарашасында «Генетика» мамандығының 1 курс студенттерімен «Таза сессия – адалдыққа бастар жол» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – студенттерге академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру, емтихан барысында әділдікке, жауапкершілікке және өз білім-білік деңгейіне сенуге тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттерге академиялық адалдық ұғымының маңызы түсіндіріліп, көшіру, плагиат, сондай-ақ рұқсат етілмеген материалдарды қолданудың зияны мен салдары талқыланды. Сонымен қатар «Таза сессия» қағидаларын сақтау – студенттің білім сапасын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шара интерактивті форматта өтті: пікірталас, сұрақ-жауап, бейнематериал көрсету ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, адалдық мәдениетін қалыптастыру жолдары бойынша ұсыныстар айтты.

Жалпы алғанда, кураторлық сағат мазмұнды өтіп, студенттердің академиялық адалдық туралы түсініктерін тереңдетуге және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.