Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Ұлттық киім – ұлт айнасы» апталығы өттіFarabi University

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Ұлттық киім – ұлт айнасы» апталығы өтті

15 қараша, 2025

Ұлттық киім – қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұрасы, рухани қазынасының ажырамас бөлігі. Ол тек тұрмыстық қажеттілікті өтейтін зат емес, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын айқын бейнелейтін айна іспетті.

Осы мұраны кеңінен насихаттау мақсатында қарашаның 10–15 аралығындауниверситетіміздің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетіндереспубликалық челленджді қолдау ретінде «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты апталық ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – студенттерге, әсіресе шет елден келген жастарға қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы, олардың ерекшеліктері мен ою-өрнектердің терең мән-мағынасын таныстыру. Қазақ ұлттық киімі – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымын, әсемдікке деген ерекше көзқарасын көрсететін баға жетпес мәдени мұра.

Апталық барысында студенттер ұлттық нақыштағы киімдермен танысып қана қоймай, олардың әрбір деталіне жасырылған рухани құндылықтарды сезініп, ата-баба мұрасының тереңдігін ұғына түсті. Факультет ұжымы бұл бастама жастардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын арттырып, рухани тәрбиені нығайта түскенін атап өтті.

«Бабалар мұрасын ұлықтап, ұлттық рухты бірге көтерейік!» деген ұранмен өткен апталық ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті күшейтіп, студенттерді мәдениетімізді құрметтеуге, оны болашаққа аманат етуге шақырды.