- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті
Молекулалық биология және генетика кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті
2025 жылғы 21 қарашада Молекулалық биология және генетика кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті. Шара биология, генетика, биотехнология және медицина салаларындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылап, оларды БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен (ТМД) сабақтастыруға арналды. Семинардың басты мақсаты – докторанттардың зерттеу жобаларының ғылыми құндылығын ғана емес, олардың қоғам дамуына қосатын үлесін көрсету.
Докторанттар ұсынған жұмыстар адам денсаулығын жақсарту, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, экожүйелерді қорғау, биотехнологиялық инновацияларды енгізу сияқты маңызды салаларды қамтыды. Әрбір жоба нақты ұлттық және жаһандық міндеттерді шешуге бағытталған практикалық нәтижелерге негізделген.
Семинар барысында:
- микроРНҚ арқылы ауруларды ерте анықтау,
- қазақстандық қой тұқымдарын генетикалық деңгейде зерттеу,
- спорттық қабілеттердің генетикалық негіздерін талдау,
- құстар тұмауына қарсы мРНҚ-вакцина әзірлеу,
- тағам қауіпсіздігіне қатысты қауіпті патогендердің таралуын зерттеу,
- өсімдік вирустарына қарсы CRISPR/Cas13 технологиясын қолдану,
сынды ғылыми бағыттар таныстырылды.
Бұл зерттеулер ТМД-ның 2, 3, 4, 9, 12 және 15 мақсаттарына сәйкес келіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, биологиялық қауіпсіздік және инновациялық технологиялар салаларында орнықты даму қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік беретіні аталды.
Семинар қорытындысы ретінде, докторанттардың жұмыстары ғылыми қауымдастық үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамның ұзақмерзімді дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп, олардың нәтижелері практикалық қолдануға бағытталатыны атап өтілді.



Қуанбай Әйгерім Құрманбекқызы –
молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар