«Aralap» экожобасы Farabi Green Campus форумында I дәрежелі диплом иелендіFarabi University

«Aralap» экожобасы Farabi Green Campus форумында I дәрежелі диплом иеленді

26 қараша, 2025

25 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің ботаника және агроэкология кафедрасының стартап командасы «Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумында өз жобасын сәтті қорғап, І дәрежелі диплом мен 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға ие болды. Жоба кафедра меңгерушісі, профессор Н. З. Ахтаеваның жетекшілігімен ұсынылды.

«Aralap» жобасы университет аумағын көгалдандыруға бағытталған. Оның жүзеге асырылуы кампустың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тозаңдандырғыш жәндіктердің санын арттыруға және жабайы өсімдіктер биоалуантүрлілігінің көбеюіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жобаны кафедраның жас әрі талантты ғалымдары — Ғалымжанов Ислам, Жанбасбаева Сымбат және Нұрханов Руслан әзірледі. Олардың бастамасы университеттің экологиялық мәдениеті мен тұрақты инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады.