Музей ісіндегі менеджмент және маркетингFarabi University

Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг

20 қараша, 2025

2025 жылдың 20 қарашада Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының «8D02210 – Археология» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты А.Ж. Амаргазиева «Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Аталған сабақ докторанттың педагогикалық тәжірибеден өтуі аясында «6В02205 – Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Музейтану негіздері» пәні бойынша Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент м.а., PhD Ж.М. Теркебаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Ашық дәріс барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары көрсетіліп, оқу үдерісін жетілдіруге арналған бірқатар ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берілді. Сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, музей ісіндегі менеджмент пен маркетингтің өзекті қырларын жан-жақты ашуға мүмкіндік берді.