«Құқықтық дебаттар: адвокатура, прокуратура және сот институттарының өзара әрекеті»Farabi University

«Құқықтық дебаттар: адвокатура, прокуратура және сот институттарының өзара әрекеті»

28 қараша, 2025

«6B12301 Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «Құқық қорғау қызметі» пәні бойынша дебат өткізіп, адвокатураның, прокуратураның және сот жүйесінің негізгі аспектілерін талқылады. Қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғауда адвокаттардың рөліне, заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратураның міндеттеріне және әділ сот төрелігін жүзеге асырудағы соттардың тәуелсіздігінің маңызына тоқталды. Дебаттар студенттердің талдау, дәлелдеу дағдыларын және құқықтық жүйенің негізгі институттарының өзара байланысын түсінуін дамытуға мүмкіндік берді.