6В02304 – «Аударматану (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасы студенттерінің NCOC компаниясының аудармашысы Нұрғиса Асылбековпен онлайн-кездесуіFarabi University

6В02304 – «Аударматану (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасы студенттерінің NCOC компаниясының аудармашысы Нұрғиса Асылбековпен онлайн-кездесуі

29 қараша, 2025

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында 6В02304 – «Аударматану (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының студенттері мен NCOC – North Caspian Operating Company (Қашаған жобасының операторы) компаниясының тәжірибелі аудармашысы Нұрғиса Асылбековтің онлайн-кездесуі өтті.
Кездесу 29 қараша күні сағат 13:00-де өтті және БҰҰ-ның 8-тұрақты даму мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім» аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында спикер халықаралық мұнай-газ компаниясындағы аудармашы жұмысының ерекшеліктері, ірі өндірістік жобалардағы жазбаша және ауызша аударма спецификасы, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар және корпоративтік коммуникация стандарттары туралы айтты.

Студенттер мансаптық мүмкіндіктер, жұмыс шарттары, кәсіби қиындықтар мен саланың даму перспективалары туралы сұрақтар қойып, ашық диалог форматында тәжірибе алмасты. Салалық терминология, цифрлық құралдар, корпоративтік этика және көпұлтты ортадағы жұмыс ерекшеліктері талқыланды.

Соңында Нұрғиса Асылбеков ҚазҰУ студенттерінің жоғары әлеуетін атап өтіп, кәсіби дағдыларды үздіксіз дамытудың маңыздылығын айтты.

Мұндай іс-шаралар практикалық бағдарланған оқытуды нығайтып, студенттердің қазіргі еңбек нарығы талаптарын терең түсінуіне мүмкіндік береді және бұл 8-тұрақты даму мақсатының міндеттеріне толық сәйкес келеді.

Онлайн-формат студенттердің белсенді қатысуына жағдай жасады.

 

Аймагамбетова М.М.