Ұлттық мәдениет және мәдени интеграция” атты танымдық көрме
Бүгін Алматы қаласындағы Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында “Мәдениет KZ” клубымен бірлесе ұйымдастырылған өндірістік тәжірбие аясында “Ұлттық мәдениет және мәдени интеграция” атты танымдық көрме өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлттық мұраны заманауи форматта таныту, мәдени өзара ықпалдастықтың бүгінгі қоғамдағы рөлін көрсету және жас буынның мәдени санасын кеңейту болды.
Көрмеге Кудерина А. Н., Каупенбаева С. М., Айтенова А. А. жетекшілік ететін 2, 3, 4 курс мәдениеттану мамандығының студенттері қатысты. Бағдарлама дәстүрлі музыкалық мұраның мультимедиалық репрезентациясымен, ұлттық өнердің тарихи-көркем қырларын көрсететін инсталляциялармен және мәдени интеграция феноменін түсіндіретін интерактив материалдармен толықты.
Студенттер үшін бұл көрме танымдық алаң ғана емес, мәдениет теориясында жиі талқыланатын аккультурация, интеграция, мәдени алмасу сияқты ұғымдарды нақты визуалды мысалдар арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Ұлттық мәдени кодтың заманауи медиам әлемінде қалай бейімделетіні, түрлі мәдени тәжірибелердің тоғысуы мен ықпалдасуы жастар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Шара соңында қатысушылар дәстүрлі өнерді заманауи технологиялық ортада танытудың мүмкіндіктері туралы пікір алмасып, мәдени интеграцияның қазақстандық қоғамдағы маңызын талқылады. Көрме жас мамандар үшін әрі теориялық, әрі практикалық тұрғыдан құнды тәжірибе болды.
Басқа жаңалықтар