«Кеңістіктік деректер және қолданбалы геоаналитика»  тақырыбында дәрістер мен практикалық семинарлар өткіздіFarabi University

«Кеңістіктік деректер және қолданбалы геоаналитика»  тақырыбында дәрістер мен практикалық семинарлар өткізді

1 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 2628 қараша күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтан зондтау технологиялары зертханасында  Казан (Приволжск) федералды университетінің Геология және мұнай-газ технологиялары институтынан г.ғ.к., доцент Ирина Григорьевна Мальганова «Кеңістіктік деректер және қолданбалы геоаналитика»  тақырыбында дәрістер мен практикалық семинарлар өткізді.

Семинар аясында қатысушыларға геокеңістіктік деректерді жинау, өңдеу және талдаудың заманауи әдістері, қашықтан зондтау материалдарын қолдану тәжірибесі, геоақпараттық талдаудың практикалық құралдары таныстырылды. Іс-шара күрделі геоаналитикалық есептерді шешудегі жаңа технологиялардың рөлі мен мүмкіндіктерін түсіндіруге бағытталды. Үш күндік семинар барысында қатысушыларға: геокеңістіктік деректерді жинаудың қазіргі әдістері; қашықтан зондтау деректерін интерпретациялау тәсілдері; геоаналитикалық есептерді шешуге арналған қолданбалы құралдар; кеңістіктік үлгілерді құрудың практикалық негіздері жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынылды.

 

Іс-шараға География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысып, жетекші ресейлік маманмен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Семинар Қазақстан мен Ресейдің ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ геоақпараттық технологияларды білім беру және ғылыми зерттеулерге енгізуге өз үлесін қосты.