- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы жиналысының сессиясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы жиналысының сессиясы
2025 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында (Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-тың акт залында) Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы жиналысының сессиясы өтті. Сессия жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен бірқатар мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, жетекші инженерлер мен атақты ғалымдар, өндіріс мамандары, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдар, сондай-ақ Академия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Академияның 2024-2025 жылдардағы қызметінің қорытындысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған Жолдауында көрсетілген міндеттерін талқылау, алдағы кезеңдегі дамудың басым бағыттарын анықтау қаралды.

Сессиядағы негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов жасады. Ол өз сөзінде Академияның 2024-2025 жылдардағы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Ол инженерлік ғылымды дамыту, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу, өндірістік секторлармен өзара іс-қимылды күшейту, жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауды қоса алғанда, алдағы кезеңге арналған ҚР ҰИАның маңызды басым бағыттары мен стратегиялық міндеттерін атап өтті.
Сонымен қатар, бұл сессияда ҚР ҰИАның аймақтық филиалдары мен филиалдарының өкілдері сөз сөйледі.
ҚР ҰИА өзінің 35 жылдық жұмысында инженерлік салаларда, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерде 3245-тен астам жобаны жүзеге асырды. Алынған нәтижелердің едәуір бөлігі өндірістік процестерге енгізілді және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына ықпал етті.

Шара аясында қалыптасқан дәстүр бойынша 10-шы мерейтойлық «2025 жылдың үздік инженері» республикалық байқауының қорытындысын шығару рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында еліміздің машина жасау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан үздік инженерлер, өндіріс орындарының басшылары, мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академияның академигі,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,
техника ғылымдарының докторы,
Е.С. Орынғожин