«Мұқағали әлемі» поэзиялық кешіFarabi University

«Мұқағали әлемі» поэзиялық кеші

1 желтоқсан, 2025

01.12.2025 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №18 Студенттер Үйінің акт залында 4-ші «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаты аясында «Мұқағали әлемі» поэзиялық кеші өтті. Іс-шара мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Мынбатырова Нұрлайым Канбатыровна, доцент, з.ғ.к. Исабеков Ақылбек Қашқынұлы, «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері және 304-топ студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Қазақ руханиятының биік құндылықтарын ұлықтай отырып, жас ұрпақтың ой-өрісінің кеңейту, қоғамның мәдени дамуына ықпал ету.

Кеш барысында студенттер ақиық ақынның өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған танымал әндерді орындады.  

Бұл кештің мәні тек поэзияны дәріптеуде ғана емес, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесетін рухани, әлеуметтік және білімдік құндылықтарды насихаттауда, ұлттық әдебиетті ұлықтауда және жастарды жауапкершілікке, ойлы әрекетке, қоғам мен табиғатты құрметтеуге баулуда жатыр.

 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы