- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 3. Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары
ТДМ 3. Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылар арасында «Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» тақырыбында мазмұнды кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға зиянды әдеттердің қауіптілігін түсіндіру, олардың санасында салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ нашақорлықтың жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға тигізетін салдарын жан-жақты көрсету болды.Кураторлық сағат барысында нашақорлықтың қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерінің бірі екендігі, ол тек медициналық емес, әлеуметтік, экономикалық және рухани проблема екенін атап өтілді. Мамандардың айтуынша, есірткіні қолдану адамның денсаулығын біртіндеп әлсіретіп, өмір сапасын төмендетумен қатар, мемлекет үшін үлкен экономикалық шығынға әкеледі. Еңбекке қабілетті жастың өмірден тыс қалуы, оның емдеу-сауығу шығындары, құқықбұзушылық деңгейінің өсуі — қоғам дамуына елеулі кедергі.Сонымен қатар іс-шара жат қылықтардың отбасы институтына тигізетін ықпалына да ерекше назар аударды. Нашақорлық — отбасы ішіндегі сенімнің жоғалуына, қаржылық тұрақсыздыққа, жиі жанжалдарға және балалардың психологиялық күйзеліске түсуіне әкелетін факторлардың бірі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-ананың, білім беру мекемесінің және қоғамның бірлесіп әрекет етуінің маңызы зор екені айтылды.
Тыңдаушылар тақырыпқа белсенді араласып, талқылауға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Олар зиянды әрекеттердің салдары туралы нақты ақпарат алып, қиын жағдайға тап болғанда қайда жүгіну керектігі жөнінде түсінік алды. Іс-шара соңында жастарды саналы таңдау жасауға, өмірге жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын бейнеролик көрсетілді.Осындай тәрбиелік мәні зор кураторлық сағаттар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Білім беру мекемесінің басты мақсаты — болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, оларды қоғамға пайдалы азамат ретінде тәрбиелеу.
Жастардың болашағы — мемлекеттің болашағы. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі бірлескен түрде жалғаса береді.
Өткізілген кураторлық сағат мазмұны бірнеше Тұрақты даму мақсаттарына тікелей сәйкес келеді:ТДМ 3 – «Денсаулық және әл-ауқат». Салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қолданудың алдын алу, жастардың денсаулығын сақтау — осы мақсаттың негізгі бағыттарының бірі.
ТДМ 4 – «Сапалы білім».Тыңдаушыларға өмірлік маңызды ақпарат беру, жауапты шешім қабылдауға үйрету және зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталған тәрбие жұмыстары сапалы білім берудің ажырамас бөлігі.
ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар».Нашақорлықтың қылмыстық жағдайлармен байланысын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосу — аталған мақсатқа сәйкес келеді.
Осылайша атқарылған шара тек тәрбиелік маңызы бар іс-шара ғана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде маңызды саналатын ТДМ-ды жүзеге асыруға қосылған нақты үлес болды.
Басқа жаңалықтар