ҚазҰУ-де MECAS жобасы аясындағы кездесу өтті
2 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Erasmus+ бағдарламасымен қаржыландырылатын MECAS — Master’s and Ecoinformatics Capacity for Aral Sea region халықаралық жобасы бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Нүкус мемлекеттік техникалық университетінің өкілі, жобаның бас үйлестірушісі — Асия Турениязова қатысты.
ҚазҰУ тарапынан жобаның жұмыс тобы және ұлттық үйлестіруші — Тұрсынкүл Базарбаева қатысты.

Кездесу барысында тараптар жобаны іске асырудың негізгі ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерін талқылап, ағымдағы міндеттерді нақтылап, алдағы жұмыс пакеттеріне байланысты жоспарды айқындады. Сондай-ақ курстарды бейімдеу, ресурстарды бөлу, таймшиттерді толтыру, ҚазҰУ зертханаларын пайдалану және келесі іс-шараларды жоспарлау мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу конструктивті өтті және серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.