Қазақстан—Америкалық цитоматрицаны зерттеу орталығының ашылу салтанаты
2025 жылғы 27 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде Қазақстан—Америкалық цитоматрица зерттеу орталығының (КАЦЦ) ресми ашылуы өтті. Бұл орталық – Қазақстан мен АҚШ ғалымдарының бірлескен ірі ғылыми бастамасы болып, биология, клеткалық биология, биохимия және медицина саласында жаңа зерттеулер жүргізуге арналған көпсалалы ғылыми платформа..jpeg)
Ауқымды іс-шараға ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев, Peri-Nuc Labs LLP бас директоры, АҚШ-тағы Хьюстон университетінің профессоры Таттым Шайкен, Биология және биотехнология факультетінің деканы Меруерт Курманбаева, сондай-ақ «ЭКОМЕД» клиникаларының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасының орынбасары Гульмира Журабекова, отандық ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші клиникалардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты..jpeg)
Жаңа орталық цитоматрицаның құрылымын, оның жасушалық процестердегі рөлін және клиникалық қолдану мүмкіндіктерін терең зерттеуге бағытталған. Әсіресе, цитоматрицаның қатерлі ісік жасушаларының өсуі мен таралуына әсерін анықтау бүгінгі ғылыми міндеттердің бірі болып табылады.
Өз презентациясы барысында профессор Таттым Шайкен цитоматрицаның ісік жасушаларының микроортасын қалыптастыратын, олардың мінез-құлқы мен ағзадағы қозғалысына ықпал ететін маңызды фактор екенін атап өтті. Сонымен қатар ол орталықта жүргізілетін зерттеулердің:
• ісік дамуының молекулалық механизмдерін терең түсінуге;
• цитоматрица мен ісік жасушаларының өзара әрекеттесуін талдауға;
• қатерлі ісіктің алдын алу мен ерте диагностикасына жаңа бағыттар ұсынуға;
• инновациялық терапиялық тәсілдер әзірлеуге
мүмкіндік беретінін атап өтті..jpeg)
Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның жетекші мамандары құттықтау сөз сөйлеп, жаңа орталықтың отандық биомедицина, химия, клеткалық биология және медицина салаларындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Олар орталықтың жас ғалымдарға жаңа зерттеу мүмкіндіктерін ашып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты күшейтетінін айтты. Сонымен қатар КАЦЦ-тің онкологиялық зерттеулердің сапасын арттыруға, диагностика мен терапия бағыттарын дамытуға елеулі үлес қосатыны атап өтілді..jpeg)
.jpeg)

Басқа жаңалықтар