ТДМ 4. «Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсіну»
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылар арасында «Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсіну» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тыңдау мен түсіну қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ тұлғааралық байланыстағы психологиялық ерекшеліктерді қарастыру болды.
Кураторлық сағат барысында студенттерге қарым-қатынас түрлері мен тиімді тыңдау әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ, түрлі практикалық жағдаяттар арқылы пікір алмасуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар тыңдаудың қарым-қатынас сапасына қалай әсер ететінін, түсініспеушіліктің негізгі себептерін және эмпатия ұғымының маңызын талқылады.
Басқа жаңалықтар