ТДМ 4. «Студент бюджетін басқару негіздері»
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Студент бюджетін басқару негіздері» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджетті басқару дағдыларын дамыту және табыс пен шығынды жоспарлау арқылы саналы, жауапты шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, қатысушылар экономикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, тұрақты дамудың маңызын түсіну мүмкіндігіне ие болды.
Осы ашық диалог арқылы жас мамандарға жеке қаржыны тиімді басқару, табыс пен шығынды жоспарлау, сондай-ақ жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу көзделді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар студенттік өмірдегі төтенше қаржылық мәселелерін, кәдеге жарамды табыс көздерін және шығындарды ұтымды азайту жолдарын белсенді талқылады. Қатысушылар шәкіртақыны жоспарлаудан бастап артық шығындарды бақылауға, жинақ жасау мен мақсатты инвестициялауға дейінгі қарапайым әмбебап тәсілдермен бөлісті.
Сонымен қатар, заманауи технологияларды қалай игеру керектігі – бюджеттік қосымшалар, онлайн-жоспарлағыштар мен қаржы калькуляторларын пайдалану тәжірибесі де кеңінен талқыланды. Өз тәжірибелеріне сүйене отырып, студенттер қаржылық сауаттылықтың өмір сапасына беретін тікелей әсерін атап өтті.
Ашық пікірталас форматы барлық қатысушылардың белсенділігін арттырып, іс-шараны өнімді етті. Нәтижесінде болашақ мамандар үшін қаржыны ұтымды басқару – жеке экономикалық тұрақтылық пен табысты дамудың ажырамас шарты екендігі бекітілді
Басқа жаңалықтар