15-ші ТДМ «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату» бойынша «Құрлық экожүйелерін сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Farabi University

15-ші ТДМ «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату» бойынша «Құрлық экожүйелерін сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

4 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 25 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің биология және биотехнология факультетінің ботаника және агроэкология кафедрасында 15 ТДМ аясында «Құрлық экожүйелерін сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру және БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттары бойынша, әсіресе ТДМ-15 бағытындағы негізгі міндеттермен таныстыру болды.

 

Іс-шара барысында:

-  биоалуантүрліліктің экологиялық және әлеуметтік маңызы түсіндірілді;

-  Қазақстандағы экожүйелердің қазіргі жағдайы мен өсімдіктің сирек түрлерін сақтау мәселелері қарастырылды;

-  ТДМ-15 мақсаттарының ұлттық деңгейде іске асырылуы талқыланды;

-  интерактивті тапсырмалар мен экологиялық ойлау дағдыларын дамытуға арналған топтық жұмыстар жүргізілді.

Шара студенттерге табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, жауапты экологиялық көзқарас ұстанудың маңызын түсіндіруге ықпал етті.

Ботаника және агроэкология кафедрасы

25 қараша 2025 жыл

Кураторлар: б.ғ.к., профессор-зерттеуші Инелова З.А.

                        PhD, доцент-зерттеуші Нурмаханова А.С.

                        PhD, доцент м.а. Чилдибаева А.Ж.

                       «8D05108-Геоботаника» докторанты, 4 курс студенттері.