- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң факультетіндегі халықаралық академиялық кездесу: профессор Кунболат Сұңғатұлының дәрісі
Заң факультетіндегі халықаралық академиялық кездесу: профессор Кунболат Сұңғатұлының дәрісі
2025 жылы 1 желтоқсанда халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында заң факультетінде Қытай Халық Республикасынан келген көрнекті ғалым, Ганьсу университетінің (КНР) саяси ғылымдар және құқық факультетінің профессоры Кунболат Сұңғатұлы қатысуымен оқу сабақтары өткізілді. Бұл шара студенттер үшін ерекше маңызды ғылыми платформаға айналып, аймақтық және жаһандық саясат пен құқық саласындағы заманауи үдерістерді жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.
Профессор Кунболат Сұңғатұлы Орталық Азия мен Қытайдағы саяси-құқықтық процестердің даму динамикасына кең ауқымды талдау жасап, мемлекет пен қоғамның өзара байланысы, қоғамдық басқарудың қазіргі заманғы үрдістері, сондай-ақ заңнамалық реформалардың ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Оның баяндамасы теориялық негіздерді практикалық мысалдармен ұштастырып, студенттер үшін ерекше құнды болды.
Сабақтар барысында профессор Қытайдың мемлекеттік басқару тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, түрлі елдердегі құқықтық модернизация үлгілеріне салыстырмалы талдау жасады. Ол сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстан құқық жүйесінің дамуы қандай бағытта өрбуі мүмкін екеніне қатысты ғылыми тұрғыда негізделген болжамдар мен мүмкін траекторияларды ұсынды. Бұл мазмұн студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, құқықтанудың болашағына қатысты жаңа ой қалыптастырды.

Профессордың дәрістері интерактивті форматта өтп, студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Болашақ заңгерлер мемлекеттік басқару, құқықтық реформалар, ғылыми тағылымдамалар, халықаралық гранттар және зерттеу мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты пікірталас жүргізді. Мұндай академиялық диалогтар студенттерге халықаралық деңгейдегі сарапшылардан тікелей білім алуға жағдай жасайды.
Жалпы алғанда, өткен іс-шаралар студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби дағдыларын тереңдетіп қана қоймай, құқық саласының халықаралық интеграциясын түсінуіне ықпал етті. Сонымен қатар, бұл кездесулер факультетіміздің халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтып, Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен жаңа серіктестік жобаларға жол ашады.
Осындай мазмұнды және жоғары деңгейдегі кездесулер біздің факультетті халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде таныта отырып, болашақ мамандардың әлемдік құқықтық кеңістікке сенімді қадам басуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы ынтымақтастық жалғасып, жаңа бірлескен жобалар мен академиялық мүмкіндіктердің ашылатынына сенім мол.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы