Ғылыми басылымдардағы белсенділікті арттыруға арналған семинар-тренингFarabi University

Ғылыми басылымдардағы белсенділікті арттыруға арналған семинар-тренинг

15 қазан, 2025

Университетімізде Әл-Фараби  кітапханасының ұйымдастырумен арнайы оқытушылардың ғылыми басылымдардағы белсенділігін арттыру мақсатында ғалымдар мен ізденушілерге арналған арнайы семинар-тренинг өткізілді. «Mendeley, БД Scopus бағдарламаларымен және  SciVal платформасымен практикалық жұмыс жасау» тақырыбында өткен семинарды Орталық Азиядағы Informascope компаниясының консультанты Рабиға Хожамкул жүргізді.  Семинар  2025-2026 оқу жылында 15-17 қазан аралығында екі күн жүргізілді.

          «Шетелдік студенттердің академиялық дискурсын зерттеуде корпустық технологияларды пайдалану» (ТДМ-4) атты тұрақты даму мақсаты бойынша бұл семинар жалпы академиялық жазылымды дамытуға, шетелдік ғалымдардың мақалсындағы озық технологиялардың қыр-сыры түсінуге зор септігін тигізуде.

          SciVal бұл ғылыми зерттеулерді талдауға, бағалауға және салыстыруға арналған аналитикалық платформа. Mendeley әдебиеттерді басқаруға арналған бағдарлама, зерттеушілерге арналған желі. Екі платформа да бір-бірімен байланысты Elsevier компаниясының ғылыми құралдары.Тренингке университеттің барлық факультеттерінен ғалымдар, оқытушылар мен жас ізденушілер қатысты. Бұл шара оқытушылардың халықаралық ғылыми стандарттарға сай жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өз зерттеулерін тиімді басқару және талдау үшін жаңа құралдарды пайдалану дағдыларын меңгерді. Бұл секілді семинар-тренингтер болашақта кафедраның ғылыми жұмыстарының сапасын арттыруда маңызы зор.

 

Асенова А.Х., Нусретиллаева И.К.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары