ҚазҰУ-де ТДМ 3 аясында «СТОП ВИЧ/СПИД: білім өмірді сақтайды» тақырыбында кураторлық сағат өттіFarabi University

ҚазҰУ-де ТДМ 3 аясында «СТОП ВИЧ/СПИД: білім өмірді сақтайды» тақырыбында кураторлық сағат өтті

3 желтоқсан, 2025

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында «СТОП ВИЧ/СПИД: білім өмірді сақтайды» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

2025 жылғы 3 желтоқсанда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында студенттердің ВИЧ/СПИД туралы базалық білімін қалыптастыруға, оның берілу жолдары мен тиімді алдын алу шараларын түсіндіруге арналған іс-шара өтті. Іс-шара БҰҰ-ның әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға бағытталған Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Биомедицина» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты. «СТОП ВИЧ/СПИД: білім өмірді сақтайды» атты кураторлық сағат студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды. Сабақ барысында ВИЧ пен СПИД туралы негізгі мәліметтер, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, тегін тестілеу мүмкіндіктері және ерте анықтаудың маңызы қарастырылды. Сонымен қатар, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стереотиптерді жоюға және толерантты көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Бұл сабақ студенттердің ақпараттану деңгейін арттырып, инфекцияның таралу қаупін төмендетуге ықпал етті.

Аталған бастаманы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қолдады.

Іс-шараға әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері қатысты:

-ҚазҰУ студенттері – 49 адам,

-ҚазҰУ оқытушылары – 5 адам.

«СТОП ВИЧ/СПИД: білім өмірді сақтайды» акциясы жастардың ВИЧ/СПИД және оның алдын алу жолдары туралы ақпараттану деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты. Қатысушылар инфекцияның берілу жолдары, қорғану әдістері және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы өзекті мәліметтер алды. Сонымен қатар, іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және факультет пен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етті.