Бинарлы лекция: «Геоинформациялық жүйелер (ГИС)» пәні бойыншаFarabi University

Бинарлы лекция: «Геоинформациялық жүйелер (ГИС)» пәні бойынша

5 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 3 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық MECAS жобасы аясында «Геоинформатика» мамандығының студенттеріне арналған «Геоинформациялық жүйелер (ГИС)» пәнінен бинарлы лекция өтті.

Лекцияны Нүкус мемлекеттік техникалық университетінің өкілі, жобаның бас координаторы Асия Турениязова жүргізді.

Сабақ барысында ГИС технологияларының мүмкіндіктері, кеңістіктік деректерді өңдеу, цифрлық картографиялау әдістері, сондай-ақ ГИС-тің экологиялық зерттеулердегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Студенттер нақты мысалдар негізінде геоақпараттық талдау тәсілдерін меңгеріп, интерактивті пікірталасқа қатысты.

Бұл бинарлы лекция MECAS жобасының серіктес университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, геоинформатика мамандарының кәсіби дайындығын арттыруға ықпал етеді.