- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» атты халықаралық дөңгелек үстел
«Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» атты халықаралық дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 26 қарашасы күні сағат 10.00-де Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім» бағыты аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 8D02204 Исламтану бағдарламасының 2-курс докторанты Ж.М. Белтенов пен практика жетекшісі философ. ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Р. Балтымова ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ортағасырлардағы түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі, әскери тәжірибесі, көшпелі өмір салты, рухани дүниетанымы және этникалық бірегейлігін көрсету әрі дәріптеу. Шара барысында әлем әскери мәдениетіне түркілік қару-жарақ үлгілерінің қосқан үлкен үлесі және халықтың тарихи-мәдени жадын жаңғырту мен сақтаудағы этномәдениеттің қызметі талқыланды.
Докторант Жасұлан Белтенов Мәзуләұлы «Қару-жарақ пен сауыт-саймандардағы ислами мәтіндердің мәні (ҚР ҰОМ қоры негізінде)» тақырыбында арнайы слайдпен таныстырды.
Онлайн және оффлайн форматта өткен бұл дөңгелек үстел аясында отандық этнограф-қарутанушы, кескіндемеші-суретші, т.ғ.к. Қалиолла Ахметжан, т,ғ.д., профессор Қадырқұлова Гүлім Қағазбекқызы және Алматы облысына қарасты «Батыр бабалар» мемориалды музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар Тәлімжанұлымен қатар Өзбекстан Республикасы тарихы мемлекеттік музейінің аға ғылыми қызметкері, Ташкент музейі филиалының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. Джамшид Перемкуловтар баяндама жасады.
Айтулы шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.
Белтенов Ж.М. – 8D0204-исламтану білім беру бағдарламасы
2 курс докторанты.
Балтымова М.Р. филол. ғ.к., қауымдастырылған профессор
Басқа жаңалықтар