«Болгария және Орталық Азия» атты тақырыпта онлайн конференция
04.12.2025.«Тұрақты серіктестік» тұрақты даму мақсаттарының бірін жүзеге асыру барысында «Болгария және Орталық Азия» атты тақырыпта «Рухани бірегейліктің және мәдени жадтың бастау көздері» жобасының командасы сіздерді Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан және Болгария арасындағы мәдениетаралық академиялық алмасуға арналған іс-шаралар циклінің қорытынды кездесулерін өткізді. «Тұрақты серіктестік» тұрақты даму мақсаттарының аясында бұл жоба «Болгария және Орталық Азия: цифрлық ортадағы мәдениеттер диалогы» жобасының жалғасы болып табылады.
Жобаның жүзеге асуына София университетінің студенттер кеңесі, классикалық және қазіргі заман филология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «әл-Фараби» ғылыми білім беру мәдени орталығы, Бұхара мемлекеттік университетінің және Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті ат салысты. Соңғы екі жыл ішінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет KZ» клубының мүшелері 3,4 курс мәдениеттанушы студенттерінің қатысуымен жоба екі этномәдени практиканы төрт онлайн вебинар өткізілген болатын : этномәдени практика Өзбекстан мен Қазақстанда өтті. Сол сапарлар барысында көрген-білгендері, сезінгенімен мен жинаған тәжірибиесі жайында Болгарияның София университетінің студенттері дайындаған фильмінде баяндалды. Аталған фильмде біздің жыл соңындағы қорытынды іс-шарамыз көрсетіледі. Іс-шараға серіктестер Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің Әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдениет орталығының директоры Виолета Добичина және Жолдубаева А.К. дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, Кабакова М.П. жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, Кудерина А.Н. дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Хасиетова Ж. дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанты онлайн режимінде қатысты.Өткенн уақыты: 2025 жылғы 4 желтоқсан. Өтетін орны: София университетінің Ректорат ғимараты, «Яйцето» залы (бул. Царя Освободителя, 15) Басталуы: 16:00 (Болгария уақыты) Қазақстан уақыты 19:00.

Басқа жаңалықтар