Мұражайға саяхатFarabi University

Мұражайға саяхат

6 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 5 желтоқсанда «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенттері эдвайзер, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Қалымбекова Ж.К.-мен бірге еліміздің тарихи мұрасы мен құндылықтарын сақтаушы мәдени нысан ретінде Almaty Museum of Arts музейіне барды.

Экскурсия студенттерге тарих, экономика және материалдық ресурстарды есепке алу арасындағы байланысты жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Білім алушылар әртүрлі тарихи кезеңдерде шаруашылық операциялардың қалай тіркелгенін, архивтердің, құндылықтар мен құжаттардың қалай сақталғанын көрді. Бұл – бүгінгі бухгалтерлік есеп пен аудит қызметінің негізін құрайтын маңызды элементтер.

Музейге бару студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырды және есептің тек цифрлар жиынтығы ғана емес, қоғамның материалдық және мәдени байлығын сақтау құралы екендігін көрсетті.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:
ТМД 4 — «Сапалы білім беру»
ТМД 11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар»

Мәдени байыту, жаңа білім және болашақ кәсіби мамандарға шабыт!