5 желтоқсанда Молекулалық биология және генетика кафедрасында 1-курс докторанттарының ғылыми семинары өттіFarabi University

5 желтоқсанда Молекулалық биология және генетика кафедрасында 1-курс докторанттарының ғылыми семинары өтті

5 желтоқсан, 2025

Молекулалық биология және генетика кафедрасының 1-курс докторанттары өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының презентацияларын жасады. Бұл жұмыстар қазіргі заманғы ғылымның маңызды бағыттарын қамтиды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнешеуіне сәйкес келеді, атап айтқанда: денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау.
Докторанттардың презентациялары кафедра оқытушылары тарапынан тыңдалды, содан кейін талқылау жүргізіліп, докторанттарға сұрақтар қойылды. Оқытушылар маңызды ұсыныстар беріп, ұсынылған жұмыстардың күшті жақтарын атап көрсетті, сондай-ақ олардың әрі қарай дамуына конструктивті ескертпелер енгізді. Семинар докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының биология саласын дамытудағы маңыздылығын көрсетті және олардың өзекті ғылыми және әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесін дәлелдеді.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы
Қуанбай Әйгерім Құрманбекқызы