- Басты бет
- Жаңалықтар
- Білім беру ортасындағы LinkedIn: мансаптық бағдарлаудан экологиялық ағартуға дейін
Білім беру ортасындағы LinkedIn: мансаптық бағдарлаудан экологиялық ағартуға дейін
2025 жылғы 5 желтоқсанда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының магистранты Байзакова Н.Т. педагогикалық практика шеңберінде «Экология» мамандығы бойынша 3-курс студенттеріне арналған «LinkedIn – кәсіби даму мен экологиялық ағартудың құралы» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді. Сабақ куратор К. К. Хамитованың қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге цифрлық кәсіби платформаның жеке бренд қалыптастыру, мансаптық даму және тұрақты даму идеяларын ілгерілету мүмкіндіктерін көрсету.
Сабақтың басында Байзакова Н.Т. LinkedIn платформасының қазіргі таңда әлемдегі №1 жаһандық кәсіби желі екенін, оның студенттер мен жас мамандар үшін қандай мүмкіндіктер беретінін, сондай-ақ әлеуметтік желідегі пассивті қатысу мен кәсіби парақшаны саналы түрде жүргізудің айырмашылығын түсіндірді.
Сабақ барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- жеке бренд ұғымы және оны студенттік кезеңнен бастап қалыптастырудың маңыздылығы;
- LinkedIn жеке парақшасының негізгі бөлімдері және оларды дұрыс толтыру жолдары;
- платформаның тағылымдамалар, жобалар мен кәсіби байланыстар табудағы рөлі;
- LinkedIn-нің экологиялық ағарту мен тұрақты даму идеяларын насихаттаудағы тиімді құралы ретіндегі маңызы;
- LinkedIn платформасында ұсынылған экология және тұрақты даму саласындағы халықаралық ұйымдар мен тағылымдамаларға мысалдар.
Сабақта нетворкинг тақырыбына ерекше назар аударылды. Нетворкинг кәсіби байланыстар орнату, біліммен алмасу және кәсіби ортада пікірлес адамдар қауымдастығын қалыптастыру қабілеті ретінде қарастырылды.
Тәрбие сабағы интерактивті форматта өтіп, шағын тапсырмалар, аудиториямен сұрақ-жауап және студенттердің жеке тәжірибесін талқылауды қамтыды. Қатысушылар болашақ мамандыққа қатысты өз күтулерін білдіріп, мансаптық дамуда цифрлық платформалардың рөлі туралы пікір алмасты және тақырыптың қазіргі еңбек нарығы жағдайындағы өзектілігін атап өтті.
Сабақтың қорытынды бөлімінде студенттер LinkedIn-де кәсіби парақша жүргізу келесі мүмкіндіктерді беретін стратегиялық құрал деген ортақ пікірге келді:
- мансаптық жолды саналы түрде құру;
- өзін таныстыру дағдыларын дамыту;
- жаһандық кәсіби және экологиялық қауымдастықтың бір бөлігі болу.
Басқа жаңалықтар