- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Магистратура мен докторантураның маңызы» тақырыбында студенттермен “Ашық есік күні” өткізілді
«Магистратура мен докторантураның маңызы» тақырыбында студенттермен “Ашық есік күні” өткізілді
Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жунусбаева Жазира Қабылқызы мен «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Ержан Арайлым Ерғалиқызының қатысуымен ұйымдастырылған іс-шара факультетіміздің 2 курс студенттеріне магистратура және докторантура бағдарламаларының маңызын түсіндіру мақсатында өткізілді. Шараға кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға ЖОО-дан кейінгі білімнің артықшылықтары, ғылымдағы бағыттар және академиялық мансап мүмкіндіктері туралы кең көлемді ақпарат берілді.
Оқытушылар магистратураның студентке терең теориялық білім беріп қана қоймай, зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, ғылыми жобаларға қатысу, мақалалар жариялау және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларының рөлі талқыланды. Мерекелік іс-шара бағыты ТМД-ның 4-мақсаты - «Сапалы білім беру» қағидаттарымен толық сәйкес келеді.
Жалпы алғанда, кездесу студенттердің ғылыми бағытқа қызығушылығын арттырып, болашақ білім траекториясын жоспарлауға оң әсер етті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар