ТДМ №4 А.Байтұрсынұлы музей-үйінде «Жаңа низам» еңбегі талқыланды
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі аясында практиканың жетекшісі Райхан Сахыбекқызының тапсырмасымен «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс магистранттары А.Байтұрсынұлы музей-үйінде ғалымның әр жылдары заң тақырыбына жазған мақалалары топтастырылған «Жаңа низам» жинағына арналған талдау іс-шарасын өткізді. Осы іс-шараға кафедра тарапынан практика жетекшісі Гүлмария Турысбекқызы жетекшілік етті.
Шараның басты мақсаты – ұлт ұстазының заң мен тәртіп мәселелеріне қатысты көзқарасын зерделеу, оның қоғамдағы құқықтық сана қалыптастырудағы рөлін көрсету және бұл идеялардың қазіргі заманмен сабақтастығын ашу.
Талдау барысында «Жаңа низам» жинағындағы құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік, заңнаманың қоғамға ықпалы және тәртіп орнатудағы реформалық ойлар жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының құқықтық көзқарастарының бүгінгі күнде де өзектілігін атап өтті.
Бұл шара музей-үйінің ғылыми-ағартушылық қызметінің бір бөлігі ретінде Алаш қайраткерінің мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар