- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жүргізген ТДМ бойынша дәріс
Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жүргізген ТДМ бойынша дәріс
«Молекулалық медицинадағы жаңа және перспективалы технологиялар» тақырыбының репродуктивтік технологиялармен тығыз байланысты болғандықтан, «7M05119 – Репродуктивтік генетика» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған шолу дәрісі 10 желтоқсанда 418-аудиторияда дәріс-әңгіме форматында өткізілді. Дәріс молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары – А.И. Жусупова және Ә.Қ. Қуанбай тарапынан бірлесе жүргізілді. Дәрістің мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары аурулардың алдын алу, диагностикасы және емін тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін молекулалық медицинаның заманауи әдістері жөнінде магистранттардың хабардарлығын арттыру. Сонымен қатар, түрлі бедеулік түрлерін еңсеруде қосымша репродуктивті технологияларын (ҚРТ) қолданудың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №3 «Денсаулық және әл-ауқат» талаптарына сай келеді және репродуктивтік генетика саласының болашақ мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға үлес қосады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Басқа жаңалықтар