ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМНЫҢ ЛИДЕРЛІК ДӘРІСІ
2025 жылғы 12 желтоқсан, сағат 14:00, 214-аудитория
Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және профессорлық-оқытушылық құрамды Дебрецен университетінің (Венгрия) PhD докторы Габор Шрамконың (Gábor Sramkó) лидерлік дәрісіне шақырамыз. Дәріс тақырыбы:
«The role of Central Asian mountains in the evolution of the Eurasian steppe biota»
Габор Шрамко – флора мен фаунаның молекулалық филогенетикасы саласындағы жетекші маман, көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы. Ол бірнеше жыл бойы Венгрия ғылым академиясының MTA-DE “Lendület” эволюциялық филогенетика зерттеу тобына жетекшілік етті. Ғалымның жұмыстары заманауи геномдық әдістерге (RAD-seq, WGS) негізделген және Еуразия өсімдік пен жануарлар таксондарының шығу тегі мен эволюциясына арналған.
Дәріс биология, биоалуантүрлілік, генетика салаларының мамандарына, сондай-ақ Еуразия далалық флорасы мен фаунасының шығу тегіне қызығатын барлық тыңдарманға пайдалы болады.
Қатысуға шақырамыз!
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар