ТДМ 3. Денсаулық пен әл-ауқат бағыты бойынша «Ағзадағы ісіктің асқынуы» тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

ТДМ 3. Денсаулық пен әл-ауқат бағыты бойынша «Ағзадағы ісіктің асқынуы» тақырыбында дөңгелек үстел

11 желтоқсан, 2025

Ботаника және агроэкология кафедрасында куратор-эдвайзер, доцент-зерттеуші Нурмаханова Акмарал Садыковнаның «6В05102-Биология» білім беру бағдарламасының ББ 23-03 топ студенттерінің қатысуымен ТДМ 3.  «Ағзадағы ісіктің асқынуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ісік ауруларының ағзада қалай дамитыны, олардың асқыну себептері мен механизмдері талқыланды. Студенттер қатерлі ісік клеткаларының қалыпты клеткадан айырмашылықтарын, олардың бақылаусыз өсуі мен метастаз түзу қабілетін жан-жақты талдады. Сонымен қатар ісіктің ағза жүйелеріне әсері, иммундық жүйенің жауап реакциясы және ерте диагностика мен профилактиканың маңызы атап өтілді. Дөңгелек үстел қатысушылары ісік ауруларының алдын алу жолдарын, салауатты өмір салтының маңызын және заманауи медициналық зерттеулердің нәтижелерін талқылады. Бұл кездесу студенттердің онкологиялық процестер туралы білімдерін кеңейтіп, ағзаның күрделі жүйелеріндегі патологиялық өзгерістерді терең түсінуге мүмкіндік берді.

 

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы