- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қонақтық дәріс «Салықтық консалтингті дамыту бағыттары мен іс шараларын айқындау»
Қонақтық дәріс «Салықтық консалтингті дамыту бағыттары мен іс шараларын айқындау»
2025 жылдың 9 желтоқсанында сағат 14:00-де ТДМ-4: «Барлық адамдар үшін барлық қамтитын және әділ сапалы білім беру және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Жадигерова О.Ж. «Салықтық консалтинг» пәні бойынша «Салықтық консалтингті дамыту бағыттары мен іс-шараларын айқындау» тақырыбында қонақтық дәріс ұйымдастырды. Дәрісті Әуэзов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Бегалиев Ербол Рудилдаевич жүргізді.
Қонақтық дәріске «Қаржы» мамандығының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Дәріс барысында салықтық консалтингтің дамуына әсер ететін ҚР Салық кодексіндегі өзгерістер, соның ішінде өзекті түзетулер, салық төлеушілерге қойылатын жаңа талаптар, цифрлық құралдарды қолдану ерекшеліктері және салықтық әкімшілендірудің жаңартылған тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, консультанттардың өзгермелі нормативтік ортаға бейімделуі және заңнамалық жаңалықтардың бизнеске салықтық сүйемелдеу практикасына әсері талқыланды.
Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, докторанттар мен магистранттар өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша қосымша түсініктемелер алды.
Ербол Рудилдаевич салық заңнамасындағы өзгерістерге дер кезінде әрекет етудің маңыздылығын, консультанттардың кәсіби құзыреттерін дамыту қажеттілігін және салықтық сүйемелдеуде заманауи цифрлық құралдарды енгізудің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, ол салықтық консалтингтің бизнестің ашықтығын арттырудағы және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді төмендетудегі рөлін ерекше атап көрсетті.
Басқа жаңалықтар