ТДМ 4 «Сапалы білім» Жануарлар коммуникациясы және адам тілі: «Болашақ ғалымдар» жобасы аясындағы лидерлік дәрісFarabi University

ТДМ 4 «Сапалы білім» Жануарлар коммуникациясы және адам тілі: «Болашақ ғалымдар» жобасы аясындағы лидерлік дәріс

8 желтоқсан, 2025

8 желтоқсанда филология факультетінде «Болашақ ғалымдар» халықаралық жобасы аясында журналистика факультетінің студенттеріне арналған лидерлік дәріс өткізілді. Дәріскер — филология ғылымдарының докторы, профессор, А. С. Пушкин атындағы Орыс тілі және жазуы мемлекеттік институтының проректор міндетін атқарушы Наталья Александровна Боженкова.

      Дәріс тақырыбы — «Жануарлар коммуникациясы vs адам тілі».

Дәріс барысында спикер жануарлар әлеміндегі коммуникация ерекшеліктерін жан-жақты талдап, әртүрлі түрлердегі сигнал беру формаларын қарастырды және оларды адам тілінің феноменімен салыстырып көрсетті. Инстинктке негізделген жануарлар сигналдары мен адамның саналы сөйлеу қызметіне, абстрактілі ойлауына және мәдени кодына сүйенетін күрделі тілдік жүйе арасындағы түбегейлі айырмашылықтарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, коммуникациялық формалардың эволюциясы мен лингвистика мен когнитивтік ғылым саласындағы заманауи зерттеулер де қамтылды.

       Дәрісті факультет студенттері, сондай-ақ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары тыңдады. Наталья Александровнаның баяндамасы студенттердің қазіргі лингвистика, түраралық коммуникация және тіл саласындағы ғылыми бағыттар туралы білімін кеңейтуге елеулі үлес қосты.

      Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын оятып, олардың ғылыми-ізденістік мотивациясын арттырды.

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының
аға оқытушысы
Едренова Назгүл Тілепбергенқызы