Университет қабырғасында білім алып жүрген тыңдаушылар арасында «Абай өсиеті – өнеге» тақырыбында рухани мәні зор Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-4) аясында өткізілген іс-шара. Шара барысында қатысушылар ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы жазылған бірнеше кітәппен танысып, Абайдың терең ойлы өсиеттерін зерделеді және ұлы ақынның қара сөздерінен үзінділер оқыды .
Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларды өз ойларын ашық айтуға, шапшаңдық пен тапқырлыққа, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу, сондай-ақ Абай мұрасына деген қызығушылықты арттыру болды. Абай – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Оның өсиетке толы қара сөздері қазақ халқының әлеуметтік, рухани, мәдени мәселелерін терең қозғайды.
Осындай рухани-танымдық іс-шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады .
Басқа жаңалықтар