ТДМ 5. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ МӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2025 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің 4 курс студенттерімен «Ұлттық тәрбие арқылы мәдениетті тұлға қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, толеранттық-төзімділік, азаматтық қоғам орнату талаптары тұрғысынан қарап, өзгермелі қоғамда көп мәдениетті, көпұлтты кеңістікке араласуға дайын, кез-келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – кәсіби маман даярлаумен қатар ұлттық мәдениетке бағытталған, білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосатын жоғары білімді, ұлттық тәрбиеге негізделген, рухани тұрғыдан жетілген, интелектуалды тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай, жоғары оқу орындарында жүргізілетін тәрбие ісі бойынша концепцияны жүзеге асыру, студенттер арасында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру, студенттік ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру, жастардың арасында ұлтаралық келісімді нығайту жұмысы, студенттердің арасында салауатты өмір салты мен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау, мәдени-бұқаралық шараларға қатысу, ағартушылық шараларды өткізу сияқты жұмыстар бойынша іс-шаралар атқарылып келеді.
Ұлттық тәрбие арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тәрбие жұмыстары негізінде студент жастардың бойында қазақстандық патриотизм, ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ұлттық рухани құндылықтарды, мәдениет пен тарихты, әдебиет пен тілді, ұлт ғұламаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, профессор-оқытушылар құрамының тәрбие ісіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ету, студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, бір сөзбен айтқанда иманды, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, ұлт болашағына жауапты азаматты тәрбиелеу міндеттерін шешуді көздейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
профессор м.а. филология ғылымдарының кандидаты
Сарбасов Болатхан Серғазыұлы
Басқа жаңалықтар