ҚазҰУ-да әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының докторанттарының қорытынды аттестациясы аяқталдыFarabi University

ҚазҰУ-да әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының докторанттарының қорытынды аттестациясы аяқталды

10 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында» 1-3 курс докторанттарының қорытынды аттестациясы аяқталды.

Отырыс барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен докторанттардың ғылыми жетекшілері жеке жоспарға сәйкес докторлық диссертациялар бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдап, докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерімен танысты.

Барлық докторанттар аттестациядан сәтті өтіп, жоғары зерттеу мәдениетін, жүйелі ғылыми көзқарастарын және жүргізіліп жатқан зерттеулердің практикалық маңыздылығын көрсетті.

Атап айтқанда, «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Примбетова Шолпан ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткені үшін ерекше атап өтілді. Бүгінгі таңда оның Хирш индексі – 14, бұл оның жарияланымдық белсенділігі мен ғылыми ықпалының маңызды көрсеткіші болып табылады. Ғылыми жетекшісі – әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Абдирайымова Г.С.

Барлық докторанттарды қорытынды аттестациядан сәтті өткенімен құттықтаймыз және ғылыми қызметте жаңа жетістіктер мен диссертациялық зерттеулердің сапалы ілгерілеуін тілейміз.