Қазақстан тарихын зерделеу мақсатындағы магистранттардың Алматы музейіне жасалған ғылыми-танымдық экскурсиясыFarabi University

Қазақстан тарихын зерделеу мақсатындағы магистранттардың Алматы музейіне жасалған ғылыми-танымдық экскурсиясы

11 желтоқсан, 2025

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында педагогикалық тәжірибе аясында Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының 1 курс магистранттары профессор Н.Ж. Байтенова мен докторант Ж. А. Байгараевтың ұйымдастыруымен 1892 жылы негізі қаланған Алматы музейіне танымдық-ғылыми экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық тарихымыздың маңызды кезеңдерімен танысу, тарихи сананы дамыту және тәуелсіздіктің қалыптасу барысына қатысты деректерді музей экспозициялары арқылы зерделеу болды.

Экскурсия барысында магистранттар Қазақстанның саяси, мәдени және этнографиялық даму тарихына қатысты материалдармен, деректі мұрағат үлгілерімен және Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік өзгерістерді бейнелейтін көрмелермен танысты. Музей қызметкерлері тарихи экспонаттардың ғылыми мәнін, олардың ұлттық бірегейлік пен мемлекеттілік идеясының қалыптасуындағы орнын жан-жақты түсіндіріп берді.

Бұл іс-шара жас зерттеушілердің отандық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан ұғынуына, сондай-ақ магистранттардың азаматтық-патриоттық көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етті.

Тәуелсіздік – ұлттың тарихи дамуы мен мемлекеттілігінің негізгі тірегі. Осы бағыттағы білім беру және мәдени-тағылымдық жұмыстар магистранттардың ғылыми көзқарасын кеңейтуге және тарихи санасын тереңдетуге мүмкіндік береді.