"Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өттіFarabi University

"Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 9 желтоқсанда ББ24-05 және ББ24-06 топтарының 2-курс студенттері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара ТДМ 3 – «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуға ықпал ету» бағыты аясында өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – халық денсаулығы, салауатты өмір салты, кең таралған аурулардың алдын алу, экологиялық факторлардың адам өміріне әсері және тұрақты дамуға ықпал ететін негізгі бағыттар туралы студенттердің түсінігін кеңейту. Сонымен қатар, жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру да шараның бір маңызды бөлігі болды.

Шараны Ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алдибекова Алмагүл Рахатқызы жүргізді. Ол өз сөзінде салауатты өмір салтын ұстанудың қоғам дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, студенттермен белсенді пікір алмасу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар халық денсаулығын нығайту жолдары, экологиялық факторлардың адам әл-ауқатына әсері және жеке жауапкершіліктің рөлі туралы пікір алмасты.

Дөңгелек үстел студенттердің қызығушылығын арттырып, денсаулық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ботаника және агроэкология кафедрасы