- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау бағыты аясында «Жаһандық жылынудың себептері мен салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау бағыты аясында «Жаһандық жылынудың себептері мен салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Ботаника және агроэкология кафедрасында 17 қарашада куратор-эдвайзер, доцент-зерттеуші Нурмаханова Акмарал Садыковнаның «6В05102-Биология» білім беру бағдарламасының ББ 23-04 топ студенттерінің қатысуымен ТДМ 13 аясында «Жаһандық жылынудың себептері мен салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында жаһандық жылынудың негізгі антропогендік және табиғи факторлары, климаттық жүйедегі өзгерістердің жүру механизмі, атмосферадағы парниктік газдардың концентрациясының артуы және оның биосфераға ықпалы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ ғаламдық температураның жоғарылауының экожүйелердің тұрақтылығына, биоәртүрлілікке, гидроклиматтық режимдерге және адам денсаулығына тигізетін ықтимал салдарлары ғылыми деректер негізінде қарастырылды. Студенттер климаттың өзгеруін модельдеу, мониторинг жүргізу әдістері және оның алдын алу стратегиялары туралы өз көзқарастарын білдіріп, ғылыми пікірталас жүргізді.
Басқа жаңалықтар